Маңғыстау облысында браконьерлер ұсталды

16.09.2014
Маңғыстау облысында браконьерлер ұсталды

Маңғыстау облысында Каспийге қол сұққан тағы бір топ браконьерлер ұсталды.

Бұл жолы Түпқараған ауданының полицейлері арнайы рейд жүргізіп, «Қызыл кітапқа» енген бекіре тұқымдас балықтарды тұрғын үйде жасырын сақтап, заңсыз сатумен айналысқандарды анықтады.

Ауланған балықтың салмағы - 270 келі. Мұнан өзге күдіктілерден 5 мың метр ау және өзге де балықшы құралдары тәркіленді.

Олар мемлекетке 2 миллион теңгедей шығын келтіріп отыр.

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу