Шекараны бұзғандар ұсталды
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің Каспий теңізі жағалауы күзетінің сақшылары шекара аумағын бұзып, заңсыз балық аулауға шыққан 13 қазақстандық азаматты қару қолдану арқылы ұстады. Тексеру барысында, браконьерлер мінген 3 қайықтан бекіре тұқымдас балығын аулауға арналған әрқайсысы бір жарым және үш мың метрлік 18 қапқа салынған ау құралдары табылды.
Ұсталған 13 адамның барлығы Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 2 бабы бойынша Мемлекеттік шекараны бұзғаны және бағалы бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулағаны үшін қылмыстық іс қозғалмақшы.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05