Атырау облысында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

15.11.2017

Атырау облысының  Исатай ауданында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды.  Ол Зинеден ауылдық округіндегі Каспий теңізінің жағалауы маңында қолға түскен. Заңсыз балық аулаған тұрғын жалпы салмағы 100 келі болатын 35 бекіре тұқымдас балық пен 63 сазанды ауылдан алып шықпақшы болған. 

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық  ІІД баспасөз хатшысы:

 - Қазір бұл оқиғаға байланысты күдікті ретінде 54 жастағы Атырау қаласының азаматы ұсталды. Соған сәйкес, ҚР ҚК 339-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу