Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 4 дағыстандық ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 4 дағыстандық ұсталды

07.11.2017

Олар «Семсер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қолға түскен. Қылмыскерлерді тінту кезінде 100 дана бекіре тұқымдас балық пен салмағы 100 келі қорытпа балығы, екі итбалық табылды. Браконьерлер, шекарашылар ескертіп оқ атса да, із суытпақ болған. Профилактикалық іс-шара кезінде бір тәулік ішінде 5 браконьер тұтқындалып, екі қайық, 2,5 шақырымдық ау мен 167 келі балық тәркіленген.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу