Каспий теңізінде балықты заңсыз аулағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінде балықты заңсыз аулағандар ұсталды

22.04.2014
Каспий теңізінде балықты заңсыз аулағандар ұсталды
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласы маңында Каспий теңізінің 25-ші шақырымынан браконьерлер қолға түсті. «Бекіре» операциясы барысында ұсталған теңіз қарақшыларынан 37 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Оның жалпы салмағы - 118 келі.
 
«Қызыл кітапқа» енген балықтың ірі мөлшерін олжалағысы келгендер 39 және 31 жастағы Аташ кентінің тұрғындары болып шықты. Браконьерлерден «Байдарка» қайығы, «Ямаха-75» моторы мен 100 метр ау айғақтық зат ретінде тәркіленіп алынды. Заңсыз балық аулаушылар мемлекетке қомақты шығын келтірген. 
 
Марат Тәжен, Ақтау қалалық балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
Мемлекетке келтірілген шығын- 983 мың 412 теңге. 100 метр ау да табылды. Қазір іс табиғат қорғау полициясына берілді.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу