Ақтөбеде 5 маусым күні лаңкестік атыс салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды.
Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Ернұр Бұраханның айтуынша, қаза тапқандар:
- «Паллада» дүкенінің сатушысы Андрей Владимирович Максименко 1978 жылы туған.
- Зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко 1947 жылы туған («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан).
- «Күзет» қызметінің қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев 1983 жылы туған.
- «Пантера» дүкеніне келуші Михаил Витальевич Матросов 1981 жылы туған.
- Әскери қызметші Сапар Досбол Еркінбекұлы ОҚО тумасы, 1997 жылы туған,
- Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, алматылық, 1975 жылы туған.
- Әскери қызметші Қалиев Берік Ерланұлы, оралдық, 1978 жылы туған.