Елорда әуежайы қысқы режимге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әуежайы қысқы режимге көшті

10.11.2015
Елорда әуежайы қысқы режимге көшті
Қысқы жұмыс кестесіне сай, әуежай айлағына жасанды жабындылар төселген.

Биыл Астана халықаралық әуежайынан соңғы он айда 20 мыңнан аса рейс орындалған. Бас қаланың әуе қақпасы кез келген ауа райында жұмысын жалғастыра бермек.

Қазір әуежай қызметкерлері күзгі-қысқы режимге көшіп, ұшу-қону алаңын қар мен мұздан 200-ден аса техника тазартып жатыр. Ал, ұшаққа қатқан қар мен мұз арнайы сұйықтықпен жуылып отырады.

Қысқы жұмыс кестесіне сай, әуежай айлағына жасанды жабындылар да төселген. Қазір отандық әуе компаниялар жолаушылардың қауіпсіздігі мен рейсті кешіктірмеудің барлық жолдарын қарастыруда. Елорда әуежайынан қазір 19 әуе компаниясы 38 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу