Астана әуежайы қысқы маусымға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайы қысқы маусымға дайын

28.11.2023

Астанадағы әуежай қысқы маусымға толық дайын. Компания шетелден екі техника сатып алған. Ол ұшақтың қанатына қатып қалған мұзды санаулы минутта ерітіп жібереді. 2025 жы묬дың соңына дейін тағы да төр¬теуін сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ әуежай маңынан мұзды ерітетін сұйық¬тық сақтайтын үлкен қойма салынуда. Әуе компаниясының өкілі, әсіресе қыста ұшақтың қанатына қатқан мұз бен қар, рейстердің уақтылы орындалуына кері әсер етеді. Сондықтан ұшақтар кешікпей ұшуы мен қауіпсіздік үшін мұндай техникалар өте қажет дейді.

Тілек Әбдірахимов, әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:

Астананың қиын ауа райына өте тиімді. Өйткені, сұйықтықты үнемдейжі, уақытты үнемдейді. Бұрын үш машинаны өңдеуге болатын болса, қазір 6 машинаны өңдеуге болады.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу