Қазақстанда автоөндіріс саласының өркендеуінің арқасында жаңа мамандық иелері көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда автоөндіріс саласының өркендеуінің арқасында жаңа мамандық иелері көбейіп келеді

07.11.2015
Қазақстанда автоөндіріс саласының өркендеуінің арқасында жаңа мамандық иелері көбейіп келеді
Солардың бірі - Жұматай Еламанов.

Жұматай Еламанов 10 жылдан бері Қостанайдағы «АгромашХолдинг» зауытында еңбек етеді. Ол осы зауытта қытайлық «Джак» көлігін құрастыратын желіде жұмыс жасайды.

«Ауылда туып-өскендіктен техникаға бала күнімнен жақын болдым», – дейді Жұматай Еламанов. Сол құштарлықтың жетелеуімен әскерден оралған соң жаңадан ашылған «Дизель зауытына» жұмысқа орналасыпты. Бірақ кейін бұл зауыт жабылып, Жұматай мал шаруашылығына ауысты. Ал, 2005-ші жылы
«Дизель зауыты» базасында осы автокөлік өндірісі ашылғанда ол сүйікті кәсібіне қайта оралған.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу