Отандық автоөндіріс өркендеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық автоөндіріс өркендеп келеді

29.03.2014
Отандық автоөндіріс өркендеп келеді

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өскеменге жұмыс сапарын спорт нысандарын аралаудан бастады. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде және жекпе-жек сарайында болды.

 
Спортты серік еткен жас өрендердің өнерін тамашалады. Спикер жастар үшін қолға алынған өңірдегі игі істерге оң бағасын берді. Бұдан кейін аймақ белсенділерімен кездесті.
 
Жалпы, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Өткен жылы ішкі өнім көлемі 2 триллон теңгені құрады. Бір ғана үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 8 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
 
Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзге бағдарламалар бойынша 14 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Өңірдегі осындай тындырымды тірліктерді атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Жолдауына ерекше тоқталды. Өндірісі өркендеген өлкеде жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасау қажеттігін нақтылап атап өтті.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Шығыс Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш бастап отырған аймақтардың бірі. Шағын және орта бизнестің даму қарқыны жақсы. «Үдемелі индустриалды-инновациялық», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының нақты нәтижеге бағытталғанына басымдық беремін. Мұның бәрі ең бірінші зор еңбектің арқасы.
 
Айгүл БАЗАРОВА

Хабарламаларға жазылу