Қостанай облысында автоөндіріс саласының табысы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында автоөндіріс саласының табысы артты

17.02.2020

Елімізде өңір басшыларының халық алдында есеп беруі жалғасуда. Мәселен, Қостанай облысында 2019-шы жыл автоөндіріс саласы үшін аса табысты болды. Былтыр желіден 25 мыңнан астам көлік шығарылып, экспорт көлемі де едәуір артқан. Ал 2018-ші жергілікті зауытта небәрі 12 мың көлік құрастырылған. Бұл деректерді халық алдында есеп берген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов келтірді. Сондай-ақ былтыр өңірде 335. 4 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілген. Жалпы соңғы төрт жылда облыста 1 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынып, 10 мыңнан астам адам баспаналы болды. Аграрлы аймақты аграрлы -өндірісті өңірге айналдыру бүгінде басты межеге айналып отыр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу