Көктем келді... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктем келді...

02.03.2015
Көктем келді...

Мұндай табиғат кереметі сіздің де, біздің де көңілімізге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз...

Биыл көктем бір күнге ерте келді. Ақпанның жиырма сегізінен кейін туған наурыз - жер дүниенің жаңаруы. Мал төлдеп, өзен мұз құрсауынан құтылатын кез. Құстар қайтып, тіршілік оянатын сәт.  

Қар көбесі сөгіліп, бәйшешек қауыз жарғанда жұрттың ерекше қуанатыны бар. Бұл - көктемнің, әз-Наурыздың нышаны.

Алайда ай басы, аяулы ана, ардақты әже мен қырмызы қыздар мерекесі. Нәзік қолдарымен ердің ісін атқарып жүрген подполковник Гүлжан Лұқманова да көктемнің әйел үшін ерекше мезгіл екенін айтады.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу