«Көктем келді ауылға...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көктем келді ауылға...»

03.03.2014
«Көктем келді ауылға...»
 
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы басталды. Астрономдардың айтуынша, көктемнің үш айында  93 күн бар. Ал қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесіне сүйенсек, көктемнің бірінші күні – 22 наурыз.
 
Филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Ақыштың айтуынша: «Қазақ ұғымында көктем сәл кештеу шыққан. Қазақ жерінің кеңдігіне байланысты, елдің солтүстік аймақтарына көктем кеш келсе, оңтүстікте ерте шыққан. Тіпті, ол жақтарда  осы ақпанның ішінде көк шыққан жерлер бар. Осы жағынан алғанда, қазақы ұғымның қалыптасқан тұжырымы бар екенін ескеру керек. Негізі көктем, орта белдеумен алғанда, наурыздың 10-15-нен  ары қарай біліне бастайды».
 
«Сәуір болмай, тәуір болмас», дейді қазақ. Күн ұзарып, тоң толықтай жібіп, жауын-шашын молаятын көктемнің нағыз шырайлы кезі – сәуірде басталады.
 
Көктем шыға, халық: «қыстан аман шықтық» деп қуанады. Алайда, көктемнің алғашқы айында біраз адам дисинхрония дертіне шалдығады екен. Соның салдарынан, адамды ашу буып, ұйқы мен селқостық меңдеп алады. Одан құтылудың оңай жолы – таза ауада серуендеп, құрамында дәрумені мол асты күнделікті тұтыну.

Хабарламаларға жазылу