«Наурыз-тілек» байқауының кезекті қатысушысы – әнші Марғұлан Уәли - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз-тілек» байқауының кезекті қатысушысы – әнші Марғұлан Уәли

17.02.2016
«Наурыз-тілек» байқауының кезекті қатысушысы – әнші Марғұлан Уәли

«Барша Қазақ елін келе жатқан ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Менің ұғымымдағы Наурыз мерекесі - табиғат пен тіршіліктің жаңаруы, жаңа ән мен жаңа өлеңнің жазылуы».

Наурызым келді, дала гүлденді,

Көктем ғана тұр жанарымда енді.

Бозбала асықты қырлардан үзіп,

Бойжеткенге арнап лала гүлдерді.

Өкпем жоқ, өткен-кеткенге де аса,

Қызғалдақтарым көңілді арбаса.

Көңілге мұнша бақыт сыйлар ма?!

Көктем бұл солай көктем болмаса.

Сондай-ақ, өнерпаз «Таңшолпанның» көрермендеріне «Наурыз тілек» атты жаңа әнін ұсынды.

 

Хабарламаларға жазылу