«Ән салады мамандар». «Көктем гүлдері» тобы «Саржайлау» әнін орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар». «Көктем гүлдері» тобы «Саржайлау» әнін орындады (ВИДЕО)

01.04.2017

Бүгінгі қоғамды ақпаратсыз елестету қиын. Технология дамығанға дейін халқымыз алыс-жақын ағайыннан түрлі жолдармен хабар алысып отырған. Айшылық алыс  жерлерден жылдам хабар жеткізетін пошта байланысы ешқашан сұраныстан түскен емес.

«Ән салады мамандар» жобасында өнер көрсет кен пошта қызметкерлерінен құралған «Көктем гүлдері» тобының ұраны:

«Сәлем хат әр қаладан тасымалдаған,

Келді қыздар өнерлерін арқалаған».

Топтың тәлімгері әнші Кентал әйелдер қауымымен жұмыс істеу сәл қиын екенін айтады. Десе де, тобының биіктен көрінуі үшін барын салғанын да жеткізді.

«Көктем гүлдері» «Саржайлау» әнін орындап, қазылар алқасының көңілінен шықты.

Хабарламаларға жазылу