Мұқағали Мақатаев. «Біздің көктем» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мақатаев. «Біздің көктем»

13.03.2014
Мұқағали Мақатаев. «Біздің көктем»
 Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
 Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
 Көктем келді. Өмірдің келешегі -
 Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
 Сағым қыздың ап қашып орамалын,
 Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
 
 Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
 Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
 Асқар ала таулардан асып әрі,
 Аяз атаң барады мұз бөрікті.
 
Көктем, көктем! Қыз-көктем ауылдағы,
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...
 

 Мұқағали МАҚАТАЕВ

Хабарламаларға жазылу