Семейлік Нұрлан Омаров «Парасат» орденін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік Нұрлан Омаров «Парасат» орденін иеленді

25.12.2014
Семейлік Нұрлан Омаров «Парасат» орденін иеленді

Еңбек жолын қарапайым шахтердан бастап, жоғары лауазымды қызметтерге дейін жеткен білікті маман қазір Семейдегі машина құрастыру зауытын басқарады.

Ол осыдан 4-5 жыл бұрын жұмысы тұралаған кәсіпорынды қайта жаңғыртты. Қазір зауытта шығатын жол талғамайтын шынжыр табанды техника елімізден бөлек, көрші елдердің жоғары сұранысына ие.

Даму жолына түскен зауыт келер жылдан бастап, Беларусь пен Қытайдың ауыр жүк көліктерін шығаруды да қолға алмақ.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу