Геннадий Зенченкоға «Парасат» ордені берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Зенченкоға «Парасат» ордені берілді

22.12.2014
Геннадий Зенченкоға «Парасат» ордені берілді

Еңбегі еленген диқан биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен «Парасат» орденін кеудесіне тақты.

Ауыл өмірінің қазанында қайнап жүрген ол елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына барынша үлес қосуда.

Мәселен, ол басшылық ететін серіктестікте бүгінде мыңға тарта адам еңбек етеді.

Егін шаруашылығы мен қоса мал санын да арттырып, өңдеу саласында да жетістіктерге жетті.

Сондықтан осы агроқұрылым өңірдегі басқаларға үлгі болып, ел тәуелсздігінің нығаюына өзіндік үлес қосып келеді.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу