Паралимпиада жеңімпаздарын Президент марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада жеңімпаздарын Президент марапаттады

06.09.2021

Паралимпиада жеңімпаздарын Президент марапаттады. Давид Дегтярев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет пен Ануар Сариев «Парасат» орденін иеленді. Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Токио Паралимпиадасын қазақстандық спортшылар жақсы нәтижемен аяқтап, олжалы оралғаны белгілі. 4 жылдықтың айтулы додасында жерлестеріміз 5 медальды еншіледі. Бұл еліміз үшін рекордты көрсеткіш. Давид Дегтярев пауэр-лифтингтен алтын медальдің иегері атанды. Пара-дзюдодан үш спортшымыз - Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал суда жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола медальды иеленді. Еске салайық, байрақты бәсекеге жолдаманы жеңіп алған 25 паралимпиадашы 7 спорт түрінен өнер көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу