Марапаттау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марапаттау жалғасуда

13.12.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізге еңбегін сіңірген адамдарды марапаттау жалғасып жатыр. Бүгін осындай бір топ адам «Құрмет», «Парасат», «Ерен еңбегі үшін» секілді мемлекеттік награда мен алғыс хаттарға ие болды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен берілген сыйлықты Елорда әкімі Алтай Көлгінов табыстады. Марапат алғандардың ішінде Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектескен әскерилерден бастап, қайырымды кәсіпкерлерге дейін бар. Солардың бірі – профессор, филантроп Оралбек Ботбай. Меценат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүргені үшін «Парасат» орденін кеудесіне тақты. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу