Алматы жылу маусымына дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жылу маусымына дайын

01.10.2014
Алматы жылу маусымына дайын

Алматыда жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың жылу жүйесіне қарызы 2 миллиард 900 миллион теңге.

Уақытында төленбеген қомақты қаражат жылу өндіру мен жылу беретін өндірістердің жұмысына тұсау салып, экономикасын кері тартып отыр.

Бұл туралы бүгін мегаполистің жылу маусымына дайындығын пысықтаған жиында шаһардың коммуналдық қызмет және энергетика басқармасының жетекшісі Мұрат Күнев айтты.

Дегенмен, ол тұрғындар жылусыз қалмайды, қала қызметі жылу маусымына 100 пайыз дайын, дейді.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

Ауа-райының жылы-суықтығына қарамай жылуды уақытында беру керек. Өткен жылы күн жылы деп, 19-шы қазанда беріп, өкініп қалғанбыз. Аяқ асты күн суытып, тұрғындар да өзіміз де әбігерге түстік. Осыны қайталамас үшін қазір бәрін дайындап, 15 қазанда қалаға толықтай жылу берілуі керек. Ал мектепке дейінгі және  денсаулық сақтау мекемелеріне алдын ала, 7-8-нен жылу қосылуы тиіс.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу