Астанадағы тұрғын үйлердің 97 пайызы қыс маусымына дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы тұрғын үйлердің 97 пайызы қыс маусымына дайын

31.08.2014
Астанадағы тұрғын үйлердің 97 пайызы қыс маусымына дайын

Астанада орталық жылу жүйесіне қосылған 2 115 тұрғын үйдің 2 047-сі (97 %) қысқы жылыту маусымына дайын, деп хабарлады Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы.

Қаланың «Алматы» ауданының 98 пайыз, «Есіл» ауданының 85 пайыз, ал «Сарыарқа» ауданының 97 пайыз тұрғын үйі дайын.

Астанада қысқы маусым алдында әлі де тұрғын үйлердің құбырлардағы ақаулар жөнделіп, орталық жылыту жүйесінің жұмысы реттеліп, шатырлар жөнделіп жатыр.

 

Хабарламаларға жазылу