Шымкенттегі саябақтарда лимитсіз ғаламтор жүйесі орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі саябақтарда лимитсіз ғаламтор жүйесі орнатылды

22.07.2014
Шымкенттегі саябақтарда  лимитсіз ғаламтор жүйесі орнатылды

Шымкенттегі саябақтарда тегін  лимитсіз Wi-Fi  интернет желісі  іске қосылды.

Енді  шаһар жұртшылығы 6 бірдей демалыс орнында қыдырып қана қоймай, тегін ғаламторға кіре алады. Мұндай жаңалыққа әсіресе, жастар жағы қуанып отыр.

Айта кетерлігі, қала әкімінің кезекті есеп беру кездесуінде  жастар қолжетімді интернет желісін пайдалану, оған жеңілдік жасау мәселесін көтерген болатын.

Мәселе оң шешімін тапты. Ол үшін қазынадан 8 миллион теңге қаржы бөлінді.

 Бұдан былай бұл жүйені бір мезетте 300-400 адам еркін қолдана алады. Мамандар  мұнымен шектеліп қалмай, болашақта  қолданыс мүмкіндігін 1000 адамға дейін жеткіземіз, деп отыр. Әрі қолданыс ауқымын  кеңейтпек.

Баһадүр  Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары:

Негізінен жастар көбірек жиналатын жерлерді таңдадық. Интернет - бұл ақпарат алу, ақпарат алмасу құралы. Бүгінгі заманауи технологиялар заманында  сол ағыммен бірге жүру қажет.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу