Шымкент саябақтарында тегін Wi-Fi қайта қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент саябақтарында тегін Wi-Fi қайта қосылды

07.04.2015
Шымкент саябақтарында тегін Wi-Fi қайта қосылды

 

Шымкентте саябақтар мен гүлзарларда Wi-Fi интернет желісі қайта іске қосылды. Биыл желіге қосылған әрбір құрылғы тіркеуге алынып, қатаң қадағаланады.

Лимитсіз жүйені жүзеге асыру үшін жергілікті қазына есебінен 3 миллион теңге жұмсалған. Мұндай сымсыз жүйе қаладағы Абай, Жеңіс, Тәуелсіздік, Орталық саябақтарда және Жастар мен Нұрсат гүлзарында жұмыс істейді.

Сәуірде қосылған тегін Wi-Fi желтоқсан айына дейін пайдалануға  беріледі. Интернет жүйесі таңғы сағат тоғыздан түнгі 11-ге дейін жұмыс істейді. Бұл - түнгі уақытта саябақ кезіп, таңға дейін ғаламторды күзететіндердің жолын кесу үшін жасалған жүйе, дейді мамандар.

Лимитсіз жүйенің жылдамдығы мен тұтынушылар бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі. Ал, биыл жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін 700 сайтқа кіруге шектеу қойылған.

otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу