Қазақстанда «Сот құжаттарының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесі іске қосылады

11.11.2014
Қазақстанда «Сот құжаттарының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесі іске қосылады

Жүйені енгізгеннен кейін сот отырысы қатысушыларына сот жүйесінің ғаламтор ресурсы арқылы электронды түрде мұрағат құжаттарының көшірмесін алу мүмкіндігі беріледі.

«Сот құжаттарының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесі (СҚЭМ) сот өндірісі жүйесіндегі мәтін немесе реквизит бойынша сот құжаттарының электронды көшірмесін іздеу мен жинақтау, ұзақмерзімді сақтау қажеттілігінен туындап отыр, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, СҚЭМ енгізілуі құжаттардың түгел сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, тасымал шығынын азайтып, сот істерін жедел қарауға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу