Астана, Қызылорда және Шымкент қалаларында интеллектуалды бейнекамера орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана, Қызылорда және Шымкент қалаларында интеллектуалды бейнекамера орнатылды

24.09.2014
Астана, Қызылорда және Шымкент қалаларында интеллектуалды бейнекамера орнатылды

Еліміздің Астана, Қызылорда және Шымкент қалаларында 121  интеллектуалды  бағдарламалары бар бейнекамералар орнатылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты.

«Шетелдік тәжірибе бойынша интеллектуалды бағдарламалары бар бейнекамералар жүйесі енгізілуде, олар автономды режимде көше оқиғасын бақылай алады. Көшеде орын алған оқыс оқиғаларды түсіріп қызметкерлердің назарын аударуға бағытталған бағдарламалар енген бейнекамералар 3 қалада орнатылды. Олардың саны-121», - деді ол. Қазіргі таңда республика бойынша 3 мың бейнекамера орнатылған.  Оның 1500 –і  қиылыстарда, ал 2 мыңы қоғамдық орындарда қойылыпты. Мұндай бейнекамералар кейінгі кезде тұрғын үй кешендерінің аулаларында да орнатылған.

Хабарламаларға жазылу