Жасырын цех әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасырын цех әшкере болды

18.07.2014
Жасырын цех әшкере болды

Әділет немесе салық органдарында тіркеуден өтпестен, «көлеңкелі» кәсіптің көрігін қыздырып жүрген Тараз қаласының азаматы құрықталды. Алдын ала түскен ақпарға сәйкес, қаржы полициясы қызметкерлері «Форд Транзит» маркалы  автокөлікті тоқтатып, тексере келгенде, ішінен «квас» сусынымен толтырылған 50 және 30 литрлік 18 бөшке табылған. Кейіннен белгілі болғанындай, қолға түскен азамат бұл сусынды өз үйіндегі жасырын цехта әзірлеген болып шықты. Цехты тінту кезінде бөшкелер, сұйықтық құятын түтікшелер, химиялық ингредиенттер мен тағы 2 мың  литрдей әлі дайын болмаған  шикізат табылды. Жалпы, «көлеңкелі» кәсіп иесінен үш мың литрге жуық  сусын тәркіленді. Оның құрамының санитарлық талаптарға қаншалықты сай екені қазір анықталып жатыр.

Айдын Молдабеков, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:

Бұл кісілерге тиісті әкімшілік айыппұл салынады. Құрал-саймандар мен табылған тауарлардың бәрі үкімет меншігіне тәркіленеді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу