Өскеменде алкоголь өнімдерін даярлайтын астыртын цех әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде алкоголь өнімдерін даярлайтын астыртын цех әшкере болды

21.04.2022

Өскеменде алкоголь өнімдерін даярлайтын астыртын цех әшкере болды. Облыстық Кірістер және экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 15 мың шөлмек пен оған жапсырылатын акциздік марканың бірнеше түрін тәркіледі. Ішімдіктерге отандық нарықтағы сұранысқа ие алкоголь өнімдерінің маркасы жапсырылған. Ал алкоголь өнімдері санитарлық талапқа сай келмейтін жерде дайындалыпты. Заңсыз кәсіппен айналысқан тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Хабарламаларға жазылу