Шымкентте жасырын жұмыс істеген компьютер клубы әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жасырын жұмыс істеген компьютер клубы әшкереленді

06.04.2021

Шымкентте карантин талаптарын елемей жасырын жұмыс істеген компьютер клубының әрекеті әшкере болды. Бас санитардың қаулысына сәйкес наурыз айының соңынан бастап мұндай нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынған болатын. Мобильді топ мүшелері барған сәтте клубта 40-қа жуық адам компьютер ойнап отырған. Олардың ешбірі бетперде тақпаған. Санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамаған. Осы жайтқа байланысты полция қызметкерлері кәсіпкерді әкімшілік жазаға тарту үшін хаттама толтырып, оны тауарлар мен оның сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдады.

Жалпы, өткен тәулікте 313 нысанға тексеру жүргізіліп, оның 11-де карантин талаптарының бұзылғаны анықталды. Бүгінде мегаполисте 22 мобильдік топ жұмыс атқарып жатыр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу