Шекарашылар Каспий теңізінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді Шараға жағалау күзетінің 300-ге жуық қызметкері қатысты. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарашылар Каспий теңізінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді Шараға жағалау күзетінің 300-ге жуық қызметкері қатысты.

23.04.2014
Шекарашылар Каспий теңізінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді Шараға жағалау күзетінің 300-ге жуық қызметкері қатысты.
Каспий теңізінде шекарашылар ауқымды оқу-жаттығу өтті. Ел шекарасын бұзатындарға тосқауыл қойып, бекіре тұқымдас балықтардың азаю қаупін сейілту мақсатын көздеген шара 3 күнге созылды. Оған екі тікұшақ, ондаған кеме мен жағалау күзетінің 300-ге жуық қызметкері қатысты.
 
Каспий теңізіндегі Баутино портынан 12 мильдік қашықтықтағы нысанға жету үшін шекарашылар ашық айдынға бет алды. Алдымен шағын кемелер сағатына 20 шақырым жылдамдықпен солтүстік батысқа қарай жылжыды. Екі сағатта шекара бұзушылар қолға түсті.
 
Жаттығу барысында шекарашылар заңбұзушыларға теңіз деңгейінен 3 метр биіктікте тікұшақтан оқ жаудырды. Кейін кемеден белгіленген нысанға оқ атты.
 
Сабыржан Бақтияров, теңізші:
Мен бүгін НЦВ-12,7 калибрлік пулеметтен 20-оқ аттым. Нысанаға соның алтауы тиді.
 
Теңізшілер қырағы. Жауынгерлік тактикалық оқуды жетік меңгергендерін көрсететін тағы бір сәт туды. Шекара сызығын кесіп өткендерге бұл жолы әуеден тосқауыл қойылды. Тікұшақ зеңбірегінен 2 шақырым жердегі нүктеге оқ атылды. 
 
Қыдыржан Мұқанов, ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өңірлік басқармасының бастығы:
Біздің жағалау күзеті өте жоғары деңгейде дайындық көрсетті. Негізгі мақсат - бекіре тұқымдас балықтың өсімін сақтап қалу. Ал, ең бастысы - Ұлттық қауіпсіздік. Біз мұндай жаттығуларды жиі өткіземіз. Біздің шекарашылар оған  дағдыланған.
 
Оқу-жаттығудың 3 күнінде көптеген тәсілдер пысықталды. Өткен жылы жағалау күзеті мамандары 139 шекара бұзушыны ұстаған. Әскери қызметкерлер «Шекара шебі мығым», дейді.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу