«Абу-Даби Плазада» құтқарушылар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абу-Даби Плазада» құтқарушылар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді

23.08.2018

Астанада салынып жатқан «Абу-Даби Плазаның» құрылысы бір сәтке тоқтатылды. Ғимаратта құтқарушылар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Жоспар бойынша дәнекерлеу жұмыстарының салдарынан 35 қабатта өрт шығып, ол 36 қабатқа тарайды. От ошағына 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды. Ғимараттан барлық адамдар эвакуацияланып, жарты сағаттыің ішінде 100 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Құрылыс аяқталған соң «Абу-Даби Плаза» жалпы Орта Азиядағы ең биік ғимарат болады. Сондықтан, мұндай ғимараттың ішінде жұмыс істеу тәжірибесін өрт сөндірушілер жиі шыңдап тұрулары міндет.

Саят Кжимов, Өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

- Ішкі крандармен жұмыс істейміз. Барлық қабатқа қысыммен су келіп тұрады. Мұндай биік ғимараттарға біздің сатымыз жетпейтіні анық. Ал, бүгінгідей жағдайда қысыммен бірінші қабаттан көбік жібереміз. Астанада биік ғимараттар күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Сондықтан, жаттығулар жасап, шеберліктерімізді шыңдауға міндеттіміз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу