Астанада аусыл дертімен күрес жүргізетін орталық ашылды
Бүгінде Орталық Азия аумағындағы мемлекеттерде, оның ішінде біздің елімізде аусыл ауруы күрделенуде. Енді оның алдын алуға болады. Бүгін Астанада Орталық Азия елдері бойынша аусылмен күресетін орталық ашылды. Онда сарапшылар аталмыш дертті болдырмаудың барлық шараларын жасамақ.
Ал, Батыс Еуразиядағы аусыл ауруының Жол картасы бойынша бесінші отырысына қатысып жатқан 27 елдің өкілі өткір мәселеден қалай шығудың жолын талқылады.
Мамандардың айтуынша бұл мал дерті Африка мен Орталық Азия елдерінде кең тараған.
Қазақстанда 2012 жылы аусылдың 10 ошағы тіркелді. Ал 2013 жылы тіркелген 3 ошақтың барлығы да Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Сол кезде мамандар індеттің шекаралас елден келгенін анықтаған еді.
Ал, қауіпті ауруды жұқтырған 12 мыңнан астам ірі қара малдың көзі жойылды.
Серік Сапарғалиев, ҚР АШМ Бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:
Тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдеріндегі ахуал бойынша мониторинг жасалады. Ғалымдар мен сарапшылар аурудың қайдан, неден тарағанын анықтайды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
03.01.2026, 20:35
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50