Атырауда дауыл ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті (толығырақ)
Бүгін қатты жел соғып, ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды.
Сондай-ақ, Атырауда кеше қатты жел тұрып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан жел бір күннің ішінде облыс бойынша 7 нысанға едәуір залалын тигізген.
Балықшы кенттік округіндегі терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үй де табиғаттың «тосын мінезіне» төтеп бере алмады.
Сондай-ақ, желдің қатты екпінімен ұшқан қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ғимарат алдындағы 3 жеңіл автокөлік пен бір шағын автобустың үстіне түсті.
Дауыл Жұмыскер елді мекеніндегі аялдаманы да құлатқан. Зардап шеккендер жоқ.
Марат Құрманов, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Атырау қаласы бойынша 6 жағдай, ал біреуі Құлсары қаласында тіркелді. Онда мектептің шатыры ұшты. Мұндағы жағдай қазір анықталып жатыр. Барлық нысандарда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өрік FEST» фестивалі өтті
18.06.2026, 20:57
Медицина саласының үздіктері анықталды
18.06.2026, 20:54
16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін
18.06.2026, 20:52
ТМД елдерімен мәдени байланыс артып келеді
18.06.2026, 20:50
Робототехника олимпиадасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр
18.06.2026, 20:22
Креативті индустрияны дамыту жөніндегі конференция
18.06.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
18.06.2026, 20:08
«Әділет» партиясы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті
18.06.2026, 20:07