ШҚО-да қатты жел екі мектептің шатырын ұшырып жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қатты жел екі мектептің шатырын ұшырып жіберді

09.11.2020

Шығыс Қазақстанда қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Зайсан қаласында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. 

Ұйтқи соққан желдің қатты болғаны соншалық - санаулы секундта тұрғын үй мен екі мектептің шатырын жұлып әкетті. Тұрғындардың айтуынша, көше бойындағы электр сымдары да үзілген. Қазір жергілікті билік өкілдері табиғи апаттан келген шығын мөлшерін анықтап жатыр. Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылында дүлей дауыл салдарынан аурухана шатыры бүлінді. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Аймақтағы қатты жел туралы дауылды ескерту соңғы екі күн қатарынан жарияланған.

Берік Көшербай

шқо мектеп қатты жел

Хабарламаларға жазылу