Атырауда дүлей дауыл: Перзентхананың шатыры ұшып кетті
Атырауда нөсер жауынның соңы дүлей дауылға ұласып, елді әбігерге салды.
Қатты жел облыстық перзентхананың шатырын ұшырып әкетті. Дауыл салдарынан перинаталды орталықтың «Б» корпусына қатты зақым келді. Төбе жабындысының 500 шаршы метрі жарамсыз болып қалды. Жарақат алғандар жоқ. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалған. Әкімдік медициналық мекеме жуық арада жөндеуден өтеді деп отыр. Табиғаттың тосын мінезі қала тұрғындарын әбігерге салды. Күн райының күрт құбылуынан жарық сөніп, көшелерді су басты. Қазір абыр-сабыр басылды. Ауа райы бір қалыпты. Коммуналдық мекемелер су сору жұмысымен айналысып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қалбатауда спорт пен мәдениет мерекесі өтті
18.05.2026, 17:35
Түркістан облысының Тасты ауылы қайта түледі
18.05.2026, 17:33
М.Ысқақованың кітабы ЖИ көмегімен қайта шықты
18.05.2026, 17:30
АҚШ-та Мұхтар Мағауин орталығы ашылды
18.05.2026, 17:27
Ақтауда «Кітап керуені» көрме-жәрмеңке өтті
18.05.2026, 17:25
Олжас Сүлейменов тоқсанға толды
18.05.2026, 17:22
Елімізде 64 мәдени нысан салынып жатыр
18.05.2026, 17:20
Әйел саясаткерлерді арнайы оқыта бастады
18.05.2026, 17:15