Солтүстік Қазақстанда шаңды дауыл соғып, ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда шаңды дауыл соғып, ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

06.05.2022

Солтүстік Қазақстанда шаңды дауыл соғып, кейбір ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті.

Облыс орталығында желдің жылдамдығы секундына 33 метрге дейін жетті. Тайынша, Уәлиханов және Жамбыл аудандарында да шаңды дауыл соқты. Құлаған ағаштар бірнеше көлікті зақымдады. Шығын көлемі әзірге белгісіз, мамандар есептеуге кірісті. Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері еліміздің солтүстік аймақтарында күн суытып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу