Арбаға таңылған ананың бақыты - шәкірттері
Павлодар облысы Успенка ауданында тұратын Нағым Бейсенқызы көлік апатына ұшырағаннан бергі алты жылда өздігінен қозғала алмайды. Арбаға таңылған. Екі-үш жыл өмірін терезеге телмірумен өткізді. Бірақ, жігерін жанып, сүйікті мамандығымен, мектебімен, шәкірттерімен қайта қауышты.
Нағым Сағатова - бастауыш сынып мұғалімі. Сабақ бітіп, қоңырау соғылысымен шәкірттері ұстаздарына қарай құстай ұшады. Көмектесу үшін. Екіншіден, үзіліс уақытын тиімді пайдалану үшін.
Нағым Сағатова, бастауыш сынып мұғалімі:
Отыру маған арман болатын. Мен шалқамнан жатқан едім. Біртіндеп отыратын жағдайға жеттім. Сол отырып қалған уақытта үйге балаларды шақырып, кішкене көмектесіп, біраз жұмыстарды жүргізген едім. Менің осы мектептегі достарым - оқушылар.
Арбаға таңылғалы алты жыл. Оған жол-көлік апаты себеп болды. Жаны жараланды, жабырқады, бірақ жасыған жоқ. Екі жыл бұрын Нағым Сағатова мектебіне келіп, ұстаздық қызметін жалғастырды. Енді уақытпен санаспай жұмыс істеп жүр.
Нағым Сағатова, бастауыш сынып мұғалімі:
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы, жұмысқа қабылдануы біріншіден олардың моральдік жағдайына, жан дүниесіне әсер етеді. Тіпті, оның ауыруға мұршасы жоқ болады. Мысалы, менің ауыруға мұршам, уақытым жоқ. Өйткені, менің оқушыларым бар. Соларды ойлап тұрғанда ауруым екінші сатыда қалып қояды.
Биылдан бастап қамкөңіл жандар үшін жасалып жатқан қамқорлықтың жөні бөлек. Ең бастысы - кедергісіз жұмысқа орналасу мәселесі қолға алынып жатыр, дейді Назым Сағатова. Артта қалмай, алда жүру үшін еңбек ету қажет. Бұл - әркімнің арманы.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10