Елбасы Жолдауы - ел болашағының айқын кепілі
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова медицина саласының қызметкерлерімен бірге Жолдауды қызу талқылады.
Елімізде өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы 69 жасты құраса, 2013 жылы 70,3 жасқа жетті. Ал есепті кезеңде аналар өлімі көрсеткіші 6,7 пайыз, нәрестелер өлімі көрсеткіші 17 пайызға төмендеді.
Алайда, министрдің айтуынша Жолдаудағы жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, жұмыла жұмыс істесек, республика халқының санын 2050 жылға қарай 26 миллионға жеткізуге мүмкіндік бар.
Қырмызы Игісінова, Алматы қалалық №3 аурухананың директоры:
Қазір елімізде медициналық қызмет нығайды, жаңа озық медициналық құрылғыларға қол жеткіздік. Бұл ең алдымен, Елбасының сындарлы саясатының арқасы деп білемін. Ал, биылғы Жолдауда Президент халқымыздың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыруды тапсырды. Біз өз тарапымыздан Жолдаудағы міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді саламыз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06