«Шектеусіз әлем» атты телемарафон өтті
Осыған орай Қазақстан республикалық телерадиокорпарациясы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстық филиалдары арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Шектеусіз әлем» атты телемарафон өтті.
Тікелей эфир барысында олар өзара пікір алмасып, өңірлерінде атқарылып жатқан игі істер мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау туралы әңгіме өрбітті.
Солтүстік Қазақстан облысында қазір 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бірақ олардың көбі мүгедекпін деп қарап отырмай, еңбекке араласып жүр. Солардың бірі Владислав Демьянов бүгінгі телекөпірде өз ойын ортаға салып, тағдыр тауқыметін тартқан жандарды пайдалы іспен айналысуға шақырды.
Владислав Демьянов, СҚО әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы-кеңесшісі:
Мұндай марафондардың пайдасы зор. Ортақ мәселелер көтерілді, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндадық. Бізге барлық жағдай жасалып жатыр, қарап отырмау керек. Бірақ кей кездері насихат, ақпараттандыру жұмыстары жеткіліксіз түрде жүргізіледі.
Мүгедек жандардың айтуынша, шешімін таппаған мәселелер баршылық. Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандардың жүріп-тұруына барлық жерлерде бірдей жағдай жасалмаған. Жұмысқа орналасу барысында кездесетін қиындықтар да жеткілікті. Бұл - барлық аймақтарға қатысты ортақ өзекті мәселе.
Орал Қабылов, ІІ топтағы мүгедек:
Мен жұмыссыз 2-3 жыл жүрдім. Аламыз деп тұрады да, қолыма таяқ ұстап барғанымды көріп алмаймыз дейді, қиын әрине.
Қазақстандықтардың бәрі бірдей. Он екі мүшесі кемшін жандарға ешқандай шектеу қойылмауға тиіс. Қойылмайды да. Өйткені, Қазақ елі - демократиялық бағытта дамып келе жатқан мемлекет. Телекөпірге қатысушылардың ортақ пікірі осылайша қорытындыланды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08