Таиландтан ес-түссіз жеткізілген Фархат Мұратбеков қайтыс болды
Астанадағы жедел жәрдем ғылыми орталығында екі айдай ес-түссіз жатқан Фархат Мұратбеков кеше қайтыс болды. Бұған дейін дәрігерлер оның есін жимағанымен, жалпы жағдайының біршама жақсарғанын хабарлаған еді.
Олар науқасты құтқарып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Германия мен Ресейден арнайы дәрігер де шақыртты. Бірақ, өкінішке қарай, кеше соңғы үміт үзілді.
Еске сала кетейік, 26 жастағы Фархат Мұратбеков өткен жылдың желтоқсан айында отбасымен Таиландқа демалуға кеткен болатын. Ол қонақүйдегі бассейнге шомылып жүргенде денесі құрысып, суға тұншығып қалған.
Ес-түсінен айырылған жігіт Паттайя ауруханасында бірнеше күн жатып, сосын Сыртқы істер министрлігінің араласуымен, көп ұзамай Астанаға жеткізілген еді. Марқұмның артында әйелі мен бір баласы қалды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06