Ресей қазақтары Елбасы Жолдауына ықылас танытуда
2007 жылы құрылған Түмен облысы қазақтарының ұлттық- мәдени автономиясының негізгі мақсаты - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау, екі ел арасындағы мәдени әріптестіктің нығаюына жол ашу.
Сондықтан, Қазақстандағы әр жаңалыққа елең етіп, қалт жібермейді. Биылғы Елбасы Жолдауын түмендік қазақтар да мұқият тыңдаған. «Мәңгілік ел» құру идеясы тағдыр тәлкегімен шетел асқан қандастардың көкейіне сенім ұялатты.
«Қазақстанның әлем таныған мемлекетке айналуы Түмендегі басқа ұлттардың қазақ диаспорасына деген көзқарасын да өзгертті», дейді қандастарымыз.
Есенғали Ыбыраев, РФ Түмен облысы қазақтарының ұлттық- мәдени автономиясының төрағасы:
Бізді, Ресей қазақтарын тарихи Отанымыздағы жаңалықтар бей-жай қалдырмайды. Сондықтан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы Жолдауымен таныстық. Жолдауда Қазақстанның даму жолы айқын көрініс тапқан. Мақсаттарға жету үшін барлық міндеттер айқын көрсетілген. Қазақстанның барлық ресурстарын ескере отырып, бұл орындалатын жоспар деп айтуға болады. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттері барлығы да орындалып жатқанына біз шетте жүрсек те куәміз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06