Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты дамуда
Жалпы, былтырғы жыл оңтүстік жұртшылығы үшін табысты болды. Бюджет кірісі 13 пайызға артып, тұрғын үй құрылыс саласына 18 миллиард теңге инвестиция тартылды. 657 шақырым жол мен 27 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 44 пайызға төмендеп, ауыл шаруашылығы саласында 300 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ал өңірге тартылған инвестиция 25 пайызға артып отыр.
Индустрияландыру картасы аясында 46 жоба іске қосылып, 3637 жаңа жұмыс орны ашылды. 2013 жылы елімізде іске қосылған 135 кәсіпорынның 34 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі.
Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Биылғы жылы облыс бойынша 69 білім, 53 денсаулық нысаны іске қосылғалы отыр. Ал, балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткішін 77 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, 165 мектепке дейінгі ұйымдарды ашу биылғы жылдың жоспарында қарастырылған.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06