Жасөспірімдер қауіпсіздігі - басты назарда
«Жасөспірім- Заң- Қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында петропавлдық полиция қызметкерлері жеткіншектермен жүздесті. Мақсат- балалардың қатысуымен болатын қылмыстарды азайту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесуге негізінен тәрбиесі қиын жасөспірімдер, яғни, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан, заңбұзушылық жасап, тәртіп сақшыларының назарына іліккен жеткіншектер шақырылды. Бұған қоса, облыстағы полицияның жас көмекшілері де қатысты. Ең алдымен оларға «Арлан» арнайы жасағының шұғыл іс-қимылдары, әскери жаттығулары көрсетілді.
Бұдан соң облыстық Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығында болып, бақылау жұмыстарымен танысты. Кездесу полиция мұражайында аяқталды. Мұнда балаларды тәртіпке шақырып, қоғамдық қауіпсіздіктің ел өмірі үшін маңызды екендігі түсіндірілді.
Серік Ыдырысов, СҚО ІІД бастығының орынбасары:
Мұражайды көрсеттік, спорттық жарыстар өткіздік. Олар – біздің болашағымыз. Барлығында бір мақсат болуы керек.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06