Жазасын өтеушілер жұмыссыз қалмауы тиіс
Жазасын өтеушілер жұмыссыз босқа жатпауы тиіс. Ақтауда прокурорлар ұйымдастырған дөңгелек үстелде тағдыр талқысына түскен азаматтарды еңбекпен қамту мәселесі талқыланды.
Кәсіпкерлерді қала мен ауылда ғана емес, қапас ішінде де кәсібін өркендетуге шақырды. Сол арқылы жазасын өтеушілерге жұмыс табуға болады, деген ұйғарым жасалды. Маңғыстау облысында 3 тәртіп түзеу мекемесі бар. Оның 2-еуі қатаң режимдегі колонния болса, біреуі уақытша ұстау абақтысы. Онда 2 мыңнан астам адам жазасын өтеуде.
Қазір сотталғандардың 70 пайызға жуығы қол қусырып бос жатыр екен. Түрме ішінде темірден түрлі бұйымдар құрастырылады, наубайхана мен тігін цехтары да бар.Мұның өзі тек түрмеге қажетті заттарды жасаумен шектеледі, сырттан тапсырыс түспейді.
Тимур Гашимов, Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:
Түрмеден босап шыққандар қоғамға бейімделе алмайды. Тұрақты тіркеуде жоқ, жұмысқа алмайды. Олар қылмысқа қайта ұрынады. Мәселен, жұмыспен қамту мекемелеріне өтініш берген 50 адамның тек 16-ы жұмыс тапты.
Оңғали Сұлтанов, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Биылғы жылы түзеу коллонияларында жұмысқа орналасқандар 33 пайызды құрады. Бұл аз. Кәсіпкерлерді тартып, цехтар ашу туралы өз ойларын жеткізді. Біз соны бақылап, әрі қарай жүзеге асуына мүмкіндік береміз.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06