«Мәңгілік ел» - ұлтымыздың ұлы идеясы
Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында республикалық «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық акциясы өтті.
Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Мәңгілік ел» идеясын қолдауға арналған салтанатты іс-шараға еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері, депутаттар, жергілікті жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Мәңгілік ел» - мемлекетімізді ұлы мақсаттарға бастайтын даңғыл жол. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» стратегиясында межеленген биік межелерге жеткізудің негізі. Форумда сөз алғандар жастарға осыны ұғындырды. Ал, жастар болса, бабалар арманын жүзеге асырып отырған Елбасының сарабдал саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
Бұдан кейін ақмолалықтар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына арналған қазақстандықтардың игі лебіздері жазылатын «Тілек кітабын» қызылордалықтардан салтанатты түрде қабылдап алды. Акция «Атамекен» әнінің орындалуымен өз мәресіне жетті.
Әйгерім Бектемісова, студент:
Мәңгілік ел акциясына зал толы жастар жиналып отыр. Мысалы мұнда көптеген патриоттық әндер, көріністер қойылып жатыр. Одан жастар патриоттық, рухани байлық алды деп ойлаймын.
Сакен Әлібеков, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси қоғамдық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:
Елбасы айтқандай «Мәңгілік ел» идеясында қазақ тілі біріктіруші фактор рөлін атқару керек. Алдымызға қойған үлкен мақсатты іске асыру үшін мәңгілік ел идеясы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06