2050 жылы қала тұрғындарының саны 24 миллионға жетпек
Қазір еліміздегі қала тұрғындарының саны шамамен 10 миллиондай болса, 2050 жылы бұл көрсеткіш 24 миллионға жетпек. Яғни, ауылдан қалаға көшу процесі тоқтаусыз жүрмек. Сонда 36 жылдан соң республика халқының 70 пайызы қалалықтар болады.
Олардың жайлы баспанаға ие болуы, ыңғайлы көлік қозғалысымен қамтамасыз етілуі, салауатты өмір салтын ұстануы үшін не істеу қажет? Бұл туралы қала құрылысы, сәулет, дизайн, жобалау саласының өкілдері бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ойларын ортаға салды.
Елбасы Жолдауына қолдау білдірген құрылысшылар келешектегі 4 мегаполис: Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбенің дамуы, өркениетті ел қалаларымен терезесі тең болуына қазіргі кәсіби мамандардың жұмылуы керек екенін, әр қаланың өзіне сай тарихи-мәдени, өндіріс сипатының сақталуын естен шығармауды ұсынды. Жиында Алматының да болашақ бейнесі туралы айтылды.
Любовь Нысанбаева, ҚР Қала құрылысы одағының президенті:
Қаламыздың тарихи аймағы әу бастан белгіленген, оны жоюға ешкімнің қақысы жоқ. Мұны мегаполисті жаңарту барысында да, құрылысты жобалауда да ескеруге тиіспіз. Ал іскерлік орталығы туралы айтар болсақ, қала Фурманов көшесінен әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа қарай салынады. Ғимараттар 5-6 қабаттан аспайтын болады. Қаланың ішіндегі іскерлік орталықтар Абай даңғылының бойына, Есентай өзенінің қос қапталына орналасады. Солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста көлік қозғалысын реттейтін жолайрықтар салынады.
Ақмырза Рүстембеков, ҚР Сәулетшілер одағының президенті:
20 пайыз қалаға келеді деп отырмыз, соған мүмкіндік жасаумыз керек. Сол мәселелердің барлығы тікелей бізге қатысты болып отыр.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24