Теледидардан шыққан өрттен бір адам қайтыс болды
Теледидардан келген ажал. Астаналық апталдай азаматтың ажалына үйіндегі осы тұрмыстық техника себеп болды. Оқиға 13 қаңтар күні сағат күндізгі бірлер шамасында болған.
Мамандардың айтуынша қосулы тұрған теледидардың электр сымы тұйықталып, пластмассалық корпусы түгел еріп кеткен. Соның салдарынан улы зат бөлініп, 54 жастағы ер адам сол заматта-ақ тіл тартпай кеткен. Ал, 25 жастағы тағы бір азамат аса ауыр халде ауруханада жатыр.
Галина Башинская, №1 қалалық аурухананың Токсикология бөлімі меңгерушісі:
Науқастың жағдайы өте ауыр. Кешелі бері жансақтау бөлімінде жатыр. Қатты уланғаны соншалық, өздігінен дем ала алмайтын халде. Арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда. Дәрігерлер қолдан келген көмектің бәрін жасап жатыр.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05