Алматы метросында «Мәскеу» бекетінің құрылысы басталды (ВИДЕО)
Алматы метросының екінші бағытындағы «Сайран» бекетінен басталған жерасты өткелі «Мәскеу» станциясына жетті. Бүгін 12 жұмысшыдан тұратын топ 5 минутта сетінегелі тұрған соңғы бөлікті құлатты.
Құрылыстың қалай жүріп жатқанын бағдарлаған қала басшысы Ахметжан Есімов биылғы меже екі бекетті жыл соңына дейін аяқтау дейді. Ол үшін қазір заманауи құрылыс материалдары жеткізілген. Шаруаны атқаруға қажетті қаржы республикалық және жергілікті қазынадан бөлінген.
Бүгінде экологиялық таза транспортқа тұрғындардың да сұранысы артқан. Алғашында метроны 5 млн 900 адам пайдаланса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 миллион 600 адамға жеткен. Яғни 640 мың адамға өсіп отыр.
Жанболат Бапанов, «Метрополитен» МКК жұмысшысы:
6 айдың ішінде 500 метр жүріп өттік. Кей тұста қатты жерлер бар. Қиындықтар бар. Дегенмен жеңіп шықтық.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05