Жазасын өтеушілер қардан аққала соқты
Орал қаласындағы түзету мекемесінде әсем аққала бой көтерді. Сан түрлі кейіптегі мүсіндерді қардан қашап жасағандар жазасын өтеушілер.
Байқау жазасын өтеушілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Қиялына ерік берген олар, үш күнде ақ ұлпадан қала тұрғызды. Шебер сомдалған бейнелердің арасында Астананың нышаны – «Бәйтерек», Жаңа жылдың белгісі - жылқы, сондай-ақ, түрлі ертегі кейіпкерлері де бар.
Берік Ғұсманов, жазасын өтеуші:
Үйді ұмытпайық деп бірінші киіз үй салдық. Жылқы салдық, жылқы жылы келе жатыр. Жаңа жылмен құттықтаймын әйелімді, баламды, әке-шешемді.
Күрделі композицияларды қардан қалап, мұздан қатыру оңайға түспепті. Тіпті түзету мекемесі ауласындағы қар да таусылуға тәмам қалды, дейді темір тордың ар жағындағы шеберлер. Шебер демекші, олардың арасында ұстадан бастап, дәнекерлеуші, инженер сияқты түрлі мамандық иелері де бар. Байқау үздіктерін жаңажылдық марапаттау да қарастырылған.
Даниял Ғабдушев, РУ-170/2 түзету мекемесі бастығының орынбасары:
Жаңажалдық байқауда белсенділік танытқандарға мекеме басшылығының алғысы жарияланып, қысқа және ұзақ мерзімге кездесулерге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, үйлерінен, тума-туыстарынан келетін қосымша сәлемдемелер алуларына мүмкіндік бар. Бұған дейін сөгіс алғандар болса, 3 ай мерзім өткеннен соң отряд бастығының кепілдемесіне сай алынып тасталады.
Тәрбиелік мақсат көздеген мұндай шараны өткізу енді дәстүрге айналмақ дейді, түзету мекемесінің басшылығы.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24