Таразда супермаркетті тонаған қарақшылар құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда супермаркетті тонаған қарақшылар құрықталды

06.01.2014
Таразда супермаркетті тонаған қарақшылар құрықталды
Тараз қаласындағы ірі сауда орындарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген төрт азамат кешкі сағат 9-дар шамасында дүкенге баса-көктеп кірген. 
 
Айналадағыларды қолындағы қаруымен қорқытқан олар супермаркеттегі заттарды тонауға кіріседі. Осы кезде дүкеннің күзетшілері мен сол жерде сауда жасап жүрген Қаржы полициясы қызметкерлері тізе қосып, қарақшыларды құрықтады.
 
Қарулы қақтығыс кезінде күзетшілердің бірі жарақат алды. Тонаушылар сол заматта полицияның қолына табыс етілді. 
 
Айжан Мәдімарова, облыстық Қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта аталған 3 тұлғаға қатысты Ішкі істер департаменті қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 179-бабы, яғни, «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қамауға алу бұлтарпас шарасы қолданылды.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу